Бокс
19 сәуір 2019 11:06
 
Головкиннің ақысын жеген Аделаида Берд "Канело" - Джейкобс жекпе-жегінің төрешілері тізіміне кірді

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің ақысын жеген Аделаида Берд "Канело" - Джейкобс жекпе-жегінің төрешілері тізіміне кірді Аделаида Берд. Сурет Vesti.kz©

BoxingScene порталының мәліметінше, мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жегінде қызмет ететін төрешілер тізімінде аты дауға іліккен Аделаида Берд бар.

Берд есімі бар тізімді командаларға Невада штаты атлетиалық комиссиясының атқарушы директоры Боб Беннетт жолдаған.

"Golden Boy ықпалы бар". Джейкобс төрешілер мен олардың "Канелоға" болысатыны туралы айтты

Джейкобс пен Альварес жекпе-жегі 4 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Екі боксшы да титулдарын алғаш рет қорғайды.

Боксшылар арасында жанжал болмас үшін тізімнен төрешілерді алып тастауына рұқсат бары айтылды.

"Төрешілер тізімін ұсынды. Бұл күлкілі әрине. Онда бір төрешінің аты жүрді, оны бірден сызып тастадық", - дейді Джейкобс. 

Еске салайық, 2017 жылы Берд дауға іліккен. Ол Головкин - Альварес жекпе-жегінде жеңісті 118:110 есебімен мексикалықтың пайдасына бергенде мамандар мен жанкүйерлер ашуын келтірген. Осыдан кейін ол төреші қызметінен уақытша шеттелді, алайда, жазаланған жоқ. Бір айдан кейін Берд чемпиондық жекпе-жектерде төреші болды. 

Жарнама

Живи спортом!