Бокс
28 қаңтар 2020 12:16

Головкиннен нокаутпен жеңілген Роллс Әлімханұлының бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасады

© DAZN
Канадалық боксшы Стив Роллс (19-1, 10 КО) келесі жекпе-жегін 28 қаңтар Торонтода өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Оның қарсыласы бразилиялық Жилберту Перейра Дос Сантос (16-10, 12 КО) болады. Орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген. 

Айта кетейік, осымен Роллстың қарсыласы екінші рет ауысып тұр. Бастыпқыда ол отандасы Кастио Клейтонмен (17-0, 11 КО) жұдырықтасу керек еді, кейін оны швециялық Шади Гамхур (12-0, 9 КО) алмастырған. Енді міне оның орнын бразилиялық боксшы басты. 

Роллс кейінгі жекпе-жегінде Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұдырықтасып, төртінші раундта нокаутпен жеңілген.

Дос Сантос та қазақстандық бокс сүйер қауымға белгілі. 2017 жылы Алматыда ол төрешілер шешімімен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлынан (8-0, 4 КО) жеңілген еді.