Бокс
17 сәуір 2020 08:36

Головкиннен нокаутпен жеңілген әлемнің экс-чемпионы қарымта жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді

Сурет: zimbio.com
Орта салмақта IBF тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы каналық Давид Лемье (41-4, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 3 5 КО) қарымта жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. 

"Головкинмен оның бабында болған шағында жұдырықтасып, жеңілгенімді бұрын да айтқанмын. Енді мен де шыңырау шегіме жеткенімде Головкин маған кезек бере деген үміттемін. Дәл қазір жалындап тұрған кезім. Дегенмен белсенді болып, жекпе-жектер өткізіп тұруым қажет", -деп келтіреді Лемьенің сөзін Bad Left Hook..

Еске салайық, Лемье 2015 жылы Головкинннен сегізінші ранудта нокаутпен жеңілген. Ол кезде қазақстандық WBA (Super), WBC (Interim) және IBO белбеулерін қорғады, ал канадалық IBF титулынан айырылды. Бұл жекпе-жек екі боксшы үшін де ақылы трансляциялар платформасындағы (PPV) бірінші жұдырықтасуы еді.