auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Головкиннен кейін әлемді бағындырады". Белгілі бапкер Әлімханұлы туралы ойын айтты

"Головкиннен кейін әлемді бағындырады". Белгілі бапкер Әлімханұлы туралы ойын айтты
©instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) алдағы уақытта Геннадий Головкиннен (42-1-1, 37 КО) кейін әлемді бағындыратын боксшылардың бірі болады. Бұл туралы әуесқойлар арасында ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері, Әлімханұлын жаттықтырған білікті маман Мырзағали Айтжанов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Әуесқойлар арасында әлем чемпионы атағы бар Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі келесі кездесуін ұлыбританиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 KO) қарсы өткізеді.

"Алдағы уақытта үлкен аренаға шығатын жекпе-жектің бастауы деп ойламын. Осы айқастан кейін әлем чемпионы атанса, белбеу алса, көптеген мүмкіндіктер ашылады. Бірінші кезекте сәттілік тілейміз. Ал Жәнібек бұрыннан зор үміт күттіріп жүрген спортшылардың бірі. Сол себепті нағыз тәжірибе жинақтап, нағыз мықты қазақ боксын көрсетіп жүрген былғары қолғап шеберлерінің бірі деп ойлаймын. Оның үстіне жекпе-жекке сапалы дайындалып жатқанын көріп жүрмін. Өйткені Берік (ред. Берік Сұлтан Ж. Әлімханұлының PR менеджері) інім әрбір дайындығынан видео жіберіп тұрады. Дайындығы жақсы. Алла сәтін салып, жолын берсе, жеңіске жетіп елді қуантады деген ойдамын. Геннадий Головкиннен кейін үлкен белестерді бағындыратын, әлемді бағындыратын дәл осы Жәнібек болады", - деп сөзін түйіндеді Айтжанов.

Еске салайық, Қазақстан уақытымен 22 мамыр күні Лас-Вегаста (АҚШ) Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум арасында бокс кеші өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама