Жартылай орта самлақтағы қазақстандық боксшы Руслан Мадиев (15-2, 6 КО) кәсіпқой карьерасын қайта жандандырмақ.
31 жастағы Руслан 21 қыркүйек Алматыдағы бокс кешіне қатысады. BoxRec.com мәліметінше, оның қарсыласы таиландтық Киттисак Клинсон (8-1, 5 КО) болады. Жекпе-жек он раундқа есептелген.
Еске салайық, 2019 жылы Мадиев бес жыл бойы жаттыққан Геннадий Головкиннің командасынан шу шығарып кеткен болатын. Оның сөзінше, Головкин Мадиевте жоқ болса да оған ірі көлемде есепті төле деген екен.
Міне осы оқиғадан кейін Руслан Мадиев бірден сол кезде Сауль Канело Альварестің ісін жүргізген Golden Boy Promotions промоутерлеріне қосылған болатын.
Ал 2023 жылы ол карьерасының аяқталғанын мәлімдеген еді.