Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Головкиннен жеңісті қалай тартып алды?: Төрешінің сұхбаты мен толық талдау
YouTube хостингіндегі "Ветеран второразрядник" арнасының авторы Boxingscene.com сайтында жарияланған CompuBox статистикасына және төрешілердің жазбаларына жүгіне отырып, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегіне толық талдау жасады.
Боксшылардың барлық соққысын мұқият санап шыққан соң блогер төрешілердің қалайша қазақстандық боксшының пайдасына дауыс бермегені жайлы сауал қояды. "Мен Головкин жеңді деп ойлаймын", - деп айтып өтті ол.
YouTube хостингіндегі Artorias Boxing арнасы да осы жекпе-жекке талдау жасаған. Vesti.kz мәліметінше, арнада жарияланған видеода боксшылардың әр раундта жасаған таза соққылары көрсетілген.
Осылайша, соққылардың жалпы саны бойынша Головкин 181:82 есебімен жеңіп тұр.
Ал Los Angeles Times журналисі Анхель Родригес екінші төреші Дон Треллге назар аударуды сұрайды. Дон Трелл 7-раундта "Канелоға" дауыс берген, ал Моретти мен атышулы Аделаида Бердтің өзі бұл раундта дауысты Головкинге берген. Artorias Boxing мәліметіне сүйінетін болсақ, Головкин 7-раундты таза жеңіспен өткізді.
Сондай-ақ, Желіде 2013 жылы болған жекпе-жектердің бірі түсірілген видео пайда болды. Онда жеңісті 118-110 есебімен Альвареске берген төреші Аделаида Берд кейінірек өзінің әрекетін түсіндіріп берген.
Айта кетейік, 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен Головкин - Альварес жекпе-жегі 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.
Ал кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.
Жарнама