"Головкиннен жеңілсе не болады?". "Канелоға" үлкен қысым түскені айтылды

©boxingscene.com

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн мексикалық Сауль "Канело" Альварес (56-2-2, 38 КО) және Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекті қүркүйекте ұйымдастыруға болады деген ойда, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" мен Головкиннің үшінші айқасын өткізу идеясы ұнайды. Ендігіде трилогия өткізу ойы қызықтырақ, өйткені Альварес жеңілістен кейін шығады. Егер ол Головкиннен жеңілсе, ары қарай не істейді? Жартылай ауыр салмақта, екінші орта дивизионда жеңіліс. Ол әлем чемпионы болмай қалады. Әлбетте, ол әлі де "Канело" Альварес, бірақ, қатарынан екі жеңіліс. Осы себепті "Канелоға" үлкен қысым түсуде. Сауль сияқты адамға жеңіліс қалай әсер ететінін білмеймін. Ол Флойд Мейвезерден жеңілген, алайда, ол кезде жас еді. Ал енді, ол қайтіп орала ала ма? Өзіне сенімділігі қалды ма?

Мұны әрине шешетін мен емес, дегенмен, "Канелоға" алдымен Головкинмен жұдырықтасуға кеңес берер едім. Одан кейін Биволмен қарымта өткізсін", - дейді промоутер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport