Головкиннен жеңілгеннен кейін де Деревянченко титулды жекпе-жекке шығатыны болжанды

Сурет: twitter.com/TheGarden
Украинаның кәсіпқой бокстың ұлттық лигасы басшысы Михаил Завьялов орта салмақта жұдырықтасатын Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) алдағы уақытта әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізетін боксшылар қатарына қосты, - деп хабарлайды iSport.ua.

"Деревянченко, Беринчик пен Митрофанов - осы үштік жақын арада әлемдік титул үшін айқасқа түседі. Ал олардың артында басқа да көптеген талантты жігіттеріміз келе жатыр", - дейді Завьялов.