Головкинмен үшінші кездесуде Альварес DAZN үмітін ақтамады
Boxingnews24.com порталының журналисі Дэн Эмброуздың сөзінше, DAZN стримингтік сервисі қазақстандық Генадий Головкинмен өткізген үшінші кездесуінен кейін мексикалық жұлдыз Сауль "Канело" Альвареспен жасаған келісімшартын өзгертуі мүмкін.

Трилогия 18 қыркүйек күні өтті. Жекпе-жекті төрешілер шешімімен Альварес жеңді.
"DAZN "Канелоға" Геннадий Головкин, Дмитрий Бивол, Билли Джо Сондерс, Авни Йылдырым және Рокки Филдинг сынды қарсыластармен өткен айқастардан кейін, келісімшарттағыдай үлкен сыйақы төлей беруден бас тартуы мүмкін. Трилогия DAZN үшін пайда әкелген жоқ, керісінше қарызға батырды деген қауесет те бар. Себебі сервис бұл кездесу үшін екі боксшыға үлкен сыйақы берген, алайда бокс әлемі жекпе-жектен сондай үлкен әсер алды деуге келмейді", - дейді маман.
Жарнама