Головкинмен трилогия үшін? "Канело" Ковалевтен тартып алған WBO белбеуінен бас тартады

© Gettyimages.ru
Төрт салмақта әлем чемпионы атанған мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) ресейлік Сергей Ковалевпен жекпе-жекте жеңіп алған жартылай ауыр салмақтағы WBO белбеуінен бас тартады. 

"Сауль орта салмаққа оралады", - деп келтіреді боксшы командасы өкілінің сөзін "Чемпионат". Бұл дивизионда мексикалықта WBA (Super) және WBC (Franchise) титулдары бар.

Ал орта салмақта "Канелодан" IBF және IBO белбеулеріне ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші рет жұдырықтасуын күтеді. Трилогия қыркүйекте өтеді деп болжалған еді, алайда, Альварес Ковалевпен жекпе-жекті таңдады.