Boxingnews24.com порталының шолушысы Брайан Уэббер орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 КО) алда не күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Головкиннің деңгейіндегі қуатты соққысы болғанымен Жәнібекке әлемдік жұлдызға айналу қиынға түседі. Өйткені одан бәрі от көргендей қашатын болады, GGG-мен де карьерасының басында солай болған.
Осыған байланысты Top Rank Әлімханұлын рингке жылына бес-алты рет шығару керек. Қарсыластары әлсіз болса да, оның осылай АҚШ-та аты шыға бастайды. Ал егер жылына екі рет қана жекпе-жек өткізсе, онда аты асқақтамаған, боксты жақсы білетін жанкүйерлер ғана танитын спортшы болып қалады. Ал қазіргі таңда жағдай осындай күйде", - дейді маман.
Бокс аңызы Головкиннің "Канелоға" қарсы мүмкіндігі жайлы ашығын айтты