Головкинмен шықпай қойған 17 нокауты бар "Горилла" Джейкобспен жұдырықтаспақ

16 желтоқсан 2021 08:44
©Boxing Scene

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Дэниэл Джейкобс (37-3, 30 KO) және суперорта дивизионда чемпиондыққа үміткер болған Джон "Горилла" Райдер (30-5, 17 KO) 2022 жылы жекпе-жек өткізбек.

Мұндай ақпаратты инсайдер Крис Мэнникс хабарлады. Оның сөзінше, тараптар келісміге келуге жақын.

34 жастағы Джейкобс рингке жылдан аса уақыт шықпады: 2020 жылдың қарашасында ол Габриэль Росадоны ұпай санымен жеңді.

33 жастағы Райдер 2019 жылы сол кезде WBA чемпионы Каллум Смиттен даулы шешіммен жеңілгелі, екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Айта кетейік, 2019 жылы сәуірде британиялық боксшыға Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) айқасқа шығу ұсынылған, алайда, "Горилла" бірден бас тартқан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport