Бокс
12 қараша 2021 13:51
 

"Головкинмен өткізген кездесуден әлдеқайда аз". "Канелоның" соңғы айқасын қанша көрермен ақылы тамашалағаны айтылды

  Пікірлер

blog.share

"Головкинмен өткізген кездесуден әлдеқайда аз". "Канелоның" соңғы айқасын қанша көрермен ақылы тамашалағаны айтылды ©Sky Sports

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) кездесуі 2018 жылдан бері бірінші рет ақылы жүйе арқылы көрсетілді. Соңғы рет ол PPV жүйесінде қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жолығып, күмәнді жеңіске жеткен болатын. 

blog.share

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) кездесуі 2018 жылдан бері бірінші рет ақылы жүйе арқылы көрсетілді. Соңғы рет ол PPV жүйесінде қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жолығып, күмәнді жеңіске жеткен болатын. 

Vringe.com порталының ақпараты бойынша, Сауль Альварес пен Калеб Плант (21-1, 12 КО) арасындағы жекпе-жекті Showtime арнасында PPV жүйесі, яғни ақылы көрсетілімнен 800 мың жанкүйер тамашалаған. Ал аталған кездесудің билеттер сатылымынан ұйымдастырушылар 18 миллион доллар табыс түсірген. 

"Сонымен, "Канело" мен Плант арасындағы кездесу PPV жүйесінде 800 мың көрермен жинады. Бұл қазіргі бокс үшін жаман емес нәтиже. Бірақ Джейк Полдың көрсеткішін қараңыздаршы. Оның жекпе-жегін 1,5 миллион жанкүйер, яғни "Канелоның" айқасына қарағанда екі есе көп көрермен тамашалған", - деп жазды бокс шолушысы Майк Монтеро. 

Айта кетейік, Альварес пен Головкин арасындағы жекпе-жекті ақылы жүйе арқылы 1,1 миллион жанкүйер көрген еді. Ұйымдастырушылар болса билеттерден 23,5 миллион пайда тапқан. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!