Головкинмен кездесу үшін бе? "Канелоның" Мексикада жекпе-жек өткізу керегі айтылды

Vesti.kz, Турар Казангапов©

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) бапкері Эдди Рейносо қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші кездесудің қайда өтуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бапкердің айтуынша, бұл кездесу Мексикада өтсе, көптеген жанкүйер жинайды. Бірақ ол үшін кедергілер көп екен. 

"Мен "Канелоның" Мексикада жұдырықтасқанын қалаймын. Бірақ бұл бизнес жағынан қиын болады. Промоутерлердің келісуі екіталай. Дегенмен мен Альварес "Ацтека" немесе "Халиско" стадионында жекпе-жек өткізсе екен деймін", - деп келтіреді Рейносоның сөзін TUDN порталы. 

Айта кетейік, бұған дейін Рейносо Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу жаңа салмақта өтетінін айтып, қазақстандық боксшының соңғы жекпе-жегі туралы ойын айтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport