Суперорта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Карл Фроч (33-2, 24 КО) атақты Рой Джонспен (66-9, 47 КО) жекпе-жек бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды vRINGe.com порталы Boxingnews24.com сайтына сілтеме жасап.
Бұл кездесу британиялықтың туған қаласы Ноттингемде өтуі ықтимал, өйткені 44 жастағы Форчтың мұндағы атағы аренаны жанкүйерлерге толтырары анық.
Тілі ащы Фроч америкалық Рой Джонс баяғыда-ақ "қағылып-соғылып біткен" деген болатын.
"Қане көрейік. Қандай екенімді көрсетші маған, Уэмбли стадионы, 80 000 көрермен... Сол жерде", - деп жауап берді 52 жастағы Джонс iFL TV эфирінде.
Еске салайық, Фроч жеті жыл бұрын карьерасын аяқтаған. Британиялық бокстан қатарынан бес жеңіс сериясы мен титулды айқастан кейін демалысқа кеткен. Сонымен бірге, ол қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін еді, алайда, промоутерлер бұл жекпе-жекті ұйымдастыра алмады. Ал GGG оны жұдырықтасудан қашып жүрген сайқымазақ деген еді.