"Головкинмен жұдырықтасқымыз келеді". "Канелоның" бапкері 280 миллионға арыз туралы

14 қыркүйек 2020 13:41
Сурет: Al Segundo
Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) бапкері Эдди Рейносо боксшының DAZN платформасы мен промоутеріне қарсы 280 миллион долларға арыз бергені бойынша пікірін білдірді. 

Маманның сөзінше, боксшы мен Оскар Де Ла Хойя біраздан бері жанжалдасып келеді. Ал енді жағдай мүлде тығырыққа тірелді. 

"Канело" мен Де Ла Хойя арасындағы қатынас арыздан кейін бұзылғаны өтірік. Арадағы кикілжің біраздан бері бар, біз мұны сыртқа жаймадық. Ешқандай да тамаша қарым-қатынас болған емес. GBP компаниясымен келісімшарты бар басқа да боксшыларды жаттықтырамын. Оларда бәрі жақсы деуге келеді. Ал "Канело" мен Оскар араздығына көп болды. Біз кәсібилікті сақтап, тәртіппен жұмыс істеп жүруге тырыстық. 

Арызда жеке басқа қатысты ештеңе жоқ. Біз бір жыл бойы рингке шықпадық. Пандемия салдарынан ғана емес. Бұл ары қарай жаттығып, жұмыс істеу үшін қажет. Шешімін таппаған мәселе көп. Бәрі біздің пайдамызға шешілеріне сенімдіміз. Бәрімен жұдырықтасқымыз келеді: Билли Джо Сондерс, Геннадий Головкинмен, Каллум Смит, Сергей Деревянченкомен де, тіпті бос тұрған WBC титулы үшін де.

"Авни Йылдырым шындығында жаман боксшы емес. Иә, оны көпшілк тани бермейді. Қиындық сонда ғана. Қайталап айтайын кез келгенмен жұдырықтасуға дайынбыз. Ал қарсылас табылмағаны, бұл промоутерлердің ісі, келісе алмаған солар. Сауль 100 пайыз кәсіпқой. Жылына екі жекпе-жек өткізетін еді, биыл олай болмады. Жыл соңына дейін бір рет рингке шығар. Жекпе-жектің болмауы атлет үшін қиындықтар тудырады. "Канело" да солай. Сондықтан оны барынша жаттықтыруға тырысып жатырмыз", - деп береді Рейносоның сөзін vRINGe.com.