Головкинмен жекпе-жектен кейін Деревянченко өзін Украинаның ең бай боксшысы деп атады

25 желтоқсан 2019 10:45
© Fightnews.info
Орта салмақта жұдырықтасатын украиналық Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек үшін қазіргі украиналық боксшылар арасында ең жоғары гонорар алғанын айтады. 

Бұл жекпе-жек үшін Деревянченконың ресми чегі 5,2 миллион доллар, ал Головкиндікі - 15 миллион болды.

- Қазіргі украиналық боксшылар арасында ең жоғары гонорар алған кім?

- Бәрі айтады - енді, мен шығармын (күледі). Кімнен қанша алып қалатынына байланысты - 35-40 пайыз. Бапкерлер - 10, менеджер - 10-15 пайыздан, жаттығу лагері бар. Егер белбеулер үшін жұдырықтассаң - әр федерация 2-3 пайыз ұстап қалады. Тағы промоутер алады. Жыл соңында салық төлейсің, - деп атап өтті Деревянченко.