auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Головкинмен жекпе-жектен бері жазылмаған жараларды көрдім". WBA чемпионы "Канелоның" денсаулығына алаңдады

"Головкинмен жекпе-жектен бері жазылмаған жараларды көрдім". WBA чемпионы "Канелоның" денсаулығына алаңдады
© AllFight.Ru

31 жастағы британиялық Рокки Филдинг (27-1, 15 KO) 15 қыркүйек Нью-Йоркте WBA Regular белебуін мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (50-1-2, 34 КО) қорғап қалса, алдынан үлкен мүмкіндіктер ашыларын түісніп отыр.

Филдинг мексикалықтың талантын мойындағанымен, дене ірілігі оған басымдық береді деген ойда. 


"Жеңіске жетсем, бір сәтте Нью-Йорк патшасы және бокстағы ең атақты тұлға атанамын", - дейді Филдинг BoxingScene басылымына берген сұхбатында. Ешкім емес едім, ал енді Madison Square Garden-дегі басты жекпе-жек. Бұл шындыққа айналған арман, менің дайындығым Манчестерде өтеді. "Канелоның" 15 желтоқсаннан кейінгі жекпе-жегі туралы көп айтылып жатыр, ол Дэнни Джейкобс, Деметриус Андраде, ағайынды Чарло немесе Каллум Смитпен Энфилд стадионында жұдырықтасуы мүмкін дейді - айта берсін. "Канело" мені көзге іліп тұрған жоқ шығар, бірақ, менің ойым басқа. "Канелоны" жесем, Энфилде жекпе-жекті мен өткізем". 

"Баспасөз мәслихатында алғаш кездескенде, Головкинмен жекпе-жектен бері жазылмаған жараларды көрдім. Сонымен бірге, ол сегіз фунт ет жинай алмай жатыр. Оның мықты боксшы екенін түсінем, бұл менің басты сынағым. Бірақ өзіме сенімдімін. Әйтпегенде жекпе-жекті қабылдамас едім. Бұл менің салмағым, мен ірірекпін. 

Бой мен салмақ шешуші болады. Бұл салмақта өзімді жақсы сезінемін, ал оған ет жинау қажет. Ол алғашқы орта салмақтың мықтысы еді, алайда, бұл басқа дивизион.

"Канело" қателік жасамайды, сол үшін оны сүріндіру керек. Қыркүйекте 12 раундты ауыр жекпе-жек өткізді де, менімен жұдырықтасу үшін дайындықты желтоқсанда бастады. Мұндайдан кейін ағза жаттығу лагерін көтере ала ма екен?" - дейді Филдинг. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар