auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкинмен жекпе-жектен басқа амалы жоқ. "Канело" мен DAZN арасында жанжал туды

Головкинмен жекпе-жектен басқа амалы жоқ. "Канело" мен DAZN арасында жанжал туды
Сурет: CBS Sports
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) пен оның ісін жүргізетін Golden Boy промоутерлік компаниясы DAZN стриминг қызметімен келісімге келе алмай отыр, - деп хабарлайды vRINGe.com порталы инсайдер Майк Коппинджерге сілтеме жасап. 

Алауыздықтың себебі қаржылық келісім болып отыр - Альвареске уәде етілген соманың жартысы ғана берілетін болыпты. 

"Канело" мен DAZN арасындағы келісімшарт бойынша, мексикалық боксшы бір жекпе-жек үшін кемі 35 миллион доллар алу керек екен. Алайда платформа басшылығы бұл уәдесінен тайып отыр. Егер тараптар бір келісімге келмесе, Альварес биыл рингке шықпайтын көрінеді. 

DAZN мұндай қадамға барып отырғаны пандемия және қаржылай қиындық есебінен емес. Келісім бойынша Golden Boy жыл сайын "Канелоның" қатысуымен үлкен бокс кешін дүркіретіп өткізуі міндет. Сондықтан DAZN басшылығы промоутерлік компания биылға уәдесін орындаған жоқ деп есептейді. 

Мұның алдында DAZN "Канело" мен түркиялық Авни Йылдырым арасындағы жекпе-жекке тыйым салған еді. Стриминг қызметі қазіргі таңда Альвареске қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек үшін ғана 40 миллион беруге дайын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама