Бокс
24 қазан 2018 08:17
 
"Головкинмен жекпе-жек шешімін төрешілер қолында қалдырмаймын". Джейкобс жеңілгенін әлі мойындамады

  Пікірлер

blog.share

"Головкинмен жекпе-жек шешімін төрешілер қолында қалдырмаймын". Джейкобс жеңілгенін әлі мойындамады © HBO

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) әлі де қазақстандық Геннадий Головкиннен (38-1-1, 34 КО) жеңілгенін мойындамай келеді.

Боксшылар 2017 жылы наурызда жұдырықтасқан. Жекпе-жек толық 12 раунд өтті де, төрешілер шешімімен Головкин жеңіске жетті. Осылайша, Джейкобс GGG-мен толық 12 раунд жұдырықтасқан алғашқы боксшы болды. 

"Бәрібір өзімді орта салмақтағы ең мықты боксшы сезінемін, олай емес екенін біреу дәлелдемейінше және төрешілер шешімімен емес. Мен дөрекі емеспін, бірақ ол жекпе-жекті сан рет қайталап көрдім және төрешілер не көргенін түсінбедім. Кейін мен Шейн Мозли, Хулио Сесар Чавес сияқты адамдардың пікірін тыңдадым - олар және басқа да ұлы боксшылар мені жақтады. Мен тең жекпе-жекте ұтылған жігіт қана емеспін. Мен көргеніме ғана сенемін. Енді мен Головкин немесе "Канеломен" ринге шықсам, шешімді төрешілер қолында қалдыра алмаймын", - дейді Джейкобс BoxingTalk.com басылымына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, 27 қазнда Джейкобс Нью-Йоркте IBF белбеуі үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасады. Орта салмақта IBF белбеуін ұйым Головкиннен тартып алған еді. Бұған себеп Головкиннің міндетті қарсылас Деревянченкомен 3 тамызға дейін жекпе-жек өткізу туралы жазбаша келісім бермеуі. 

Жарнама

Живи спортом!