Бокс
9 маусым 2020 11:08

Головкинмен жекпе-жек. Пакьяо кез келген уақытта жұдырықтасуға дайын

Сурет: MMABoxing.ru
Жартылай орта салмақта WBA чемпионы Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) рингке кез келген уақытта шығуға дайын. 41 жастағы филиппиндіктің бабында екеніне бапкер Бубой Фернандес сенімді. 

"Еш қиындық жоқ. Ол ең ауыр жағдайларда да үздіксіз жаттыққан, жеңіл болса да. Қазір де белсенділігі төмендеген жоқ. Сондықтан қиындық болмайды. Мэнни бабына жылдам келеді. 

Қарсылас пайда болысымен-ақ ол өте қысқа уақытта дайындалып үлгереді. Пакьяо рингке кез келген уақытта шығады. Жылдамдығы мен шыдамдылығын арттырамыз, соған ғана уақыт кетер, сонымен болды", - деп келтіреді маманның сөзін Boxingscene.com.

Айта кетейік, мұның алдында 41 жастағы Мэнни Пакьяо екі категория жоғары көтеріліп, орта салмақта IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізгісі келетінін хабарланған.

Мэнни Пакьяо бапкерінің қарсылығына қарамастан Головкинмен жекпе-жекке шықпақ