"Головкинмен жекпе-жек өткізгіміз келді". "Канелоның" промоутері қарсылас іздеп жатыр

Сурет: Fightnews.info
Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (53-2-1, 36 КО) қарсылас іздеу барысы туралы айтып берді.  

"Чемпиондардың бірімен келісе аламыз деп ойламаймын, сол себепті Головкинмен де жекпе-жек жақын арада өтпейді, дегенмен, осыған үміттенген едік. Екінші орта салмақтағы чемпиондармен де жекпе-жек өткізе алмайтын шығармыз. Алайда олардан басқа да мықты жігіттер бар, солармен жұдырықтасатын болар. "Канелоға" барын көрсетеміз - өзі таңдасын", - деп береді Гоместің сөзін Yahoo Sports порталына сілтеме жасап vRINGe.com.

Мұның алдында Альварес рингке 16 қыркүйек - Мексиканың тәуелсіздік күні шығатыны белгілі болды. Ал жекпе-жек көрерменсіз өтуі мүмкін. 
Жаңалықтар