Головкинмен жекпе-жек алдында "Канело" 280 миллион доллар бойынша сот ісін бастады

9 қыркүйек 2020 10:31
Сурет: El Universal
Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) өзінің промоутері Оскар Де Ла Хойя,  Golden Boy Promotions компаниясы мен DAZN стриминг қызметіне қарсы сотқа арыз берді. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлап отыр.

Арыз Лос-Анджелестің Федералды сотына түскен. Шағымда Альварестің DAZN платформасымен бірнеше жекпе-жек бойынша келісімшарты бұзылғанын, ал одан болған шығын 280 миллион доллар деп көрсетілген екен. 

"Мен рингте ешқандай қарсыластан қорықпаймын, ал трансляторым мен промоутерімнің сәтсіздігі мені рингке шығудан ұстап қалуына жол бермеймін. Мен pound-for-pound тізімінде біріншімін... Боксқа оралып, жанкүйерлеріме шоу сыйлау үшін арыз бердім", - деп береді Альварестің сөзін Коппинджер твиттер желісінде.