Бокс
20 шілде 2020 10:54
 
Головкинмен жаттыққан 15 нокауты бар боксшы "Канеломен" келіссөз бастады

  Пікірлер

blog.share

Головкинмен жаттыққан 15 нокауты бар боксшы "Канеломен" келіссөз бастады Сурет: RingSide24

Екінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Федор Чудинов (22-2, 15 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) келесі қарсыласы болуы мүмкін. Бұл туралы РФ бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлев хабарлады. 

"Келіссөз жүріп жатыр", - деп береді Кремлевтің сөзін vRINGe.com. Мұның алдында Чудинов мексикалық жұлдызбен жұдырықтасуы ықтимал екені туралы ресейліктің бапкері Виталий Сланов та айтқан. 

Айта кетейік, 2018 жылы Чудинов Абель Санчестің лагерінде қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) бірге жаттыққан. Қазір екі боксшы да басқа мамандардың жетекшілігімен дайындалады. 

Жарнама

Живи спортом!