"Головкинмен бірінші айқаста "Канело" таяқ жеді". Сондерс бокстағы сыбайластық туралы ашық айтты

Сурет: SB Nation

Екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (30-0, 14 КО) бокстағы сыбайластық тақырыбын қозғады. 8 мамырда ол WBC және WBA титулдарына ие мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (55-1-2, 37 КО) жекпе-жекке шығады. 

Сондерс "Канело" мен Геннадий Головкин жекпе-жегіндегі және кіші Флойд Мейвезерге қатысты даулы шешімдер туралы ойын айтты.

"Бәрін өз орнына қояйық. Айналып келгенде, "Канело" телевидение мен промоутерлер үшін ақшаның көзі. Ол барлық промоутерлер үшін басымдығы бар боксшы. Дегенмен, әділіне келейік. Егер мен жеңсем, маған шешімді беріңіздер. Егер ол мені нокаутқа түсірсе немесе әділ жеңсе - мен оның қолын аламын, бірақ, мен төрешілердің жазбаларын қаламаймын, Флойд Мейвезермен болғандай. Олар Флойд Мейвезердің де ақысын жемек болды ғой. Теңдей жекпе-жек болса, қашанда "Канело" басым шығады. Олай болмау керек. Екеуміз де чемпионбыз, бұл титул біріктіретін жекпе-жек, сондықтан кім мықты сол жеңу керек. Мен оны сыйлаймын, алайда, Головкинмен бірінші жекпе-жекте Альварес таяқ жеді. Екінші жекпе-жекте теңдей түсті. Флойд Мейвезер жеңді, бірақ, бұл бөлек шешім еді. Біреуінен басқа төрешілердің бәрі соның жеңгенін көрді. Боксқа тартылған адалдығы жоқ төрешілердің әділетсіз шешімін қаламаймын, өйткені бұл - сыбайлас жемқорлық", - деп береді Сондерстің сөзін vRINGe.com.

Жаңалықтар