Бокс
6 мамыр 2020 13:19

Головкинмен бірге жаттыққан экс-чемпион "Канелоның" командасына қосылды

Сурет: Allboxing
Суперауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Энди Руис (33-2, 22 КО) жаңа бапкердің қол астына барды. Енді ол Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) бапкері Эдди Рейонсоның жетекшілігімен жаттығады. 

Тараптар бірнеше апта келіссөз жүргізген, осыдан кейін мексикалық маман Руисті жаттықтыратынын мәлімдеді. 

"Канелоның" бапкері суперауыр дивизиодағы 22 нокауты бар бұрынғы чепионды жаттықтырмақ

"Командаға қош келдің Энди. Қолымыздан бәрі келеді", - деп жазыпты Рейносо Instagram желісінде Руис және "Канеломен" туске суретін жариялап.



Руис былтыр күтпеген жерден суперауыр дивизионда WBA, IBF және WBO титулдарына ие Энтони Джошуаны жеңді де, белбеулірені тартып алған. Осылайша, Энди осы салмақта әлем чемпионы атанған бірінші мексикалық боксшы ретінде сенсация жасады.

Еске салайық, 2016 жылы Руис WBO чемпионы Джозеф Паркерге төрешілер шешімімен жеңілген. Осыдан кейін ол Абель Санчестен кетіп, Мэнни Роблеске барған. Руис Санчестің лагерінде жаттықанда оған қазақстандық Геннадий Головкин жекпе-жекке дайындалуға көмектескен болатын.