Головкинмен бірге жаттыққан боксшы ауыр салмақтағы бірінші титулын нокаутпен жеңіп алды

Сурет: © РИА Новости / Владимир Сергеев

Бірінші ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Мурат Гассиев (28-1, 21 КО) суперауыр дивизионда екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәскеуде өткен бокс кешінің басты айқасында Гассиев германиялық Михаэль Валлишпен (22-5, 15 КО) жұдырықтасты. Бұл кездесуде WBA Asia титулы сарапқа салынған болатын. 

Төртінші раундта Мурат қарсыласын есеңгіретті. Валлиш ес жиып, қайта жұдырықтаса бастады. Алайда ресейліктің кезекті шабуылынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Мұның алдында Гассиев 2020 жылы қазанда жұдырықтасып, албаниялық Нури Сефериді нокаутқа түсірген. Бұл оның ауыр дивизиондағы бірінші жекпе-жегі болатын. Жалпы ол кәсіпқойда 28 жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. 

Ал Валлиш карьерасында бесінші рет жеңіліп отыр, сондай-ақ, ол 24 рет жеңіске жеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport