Головкинмен бірге жаттықан кәсіпқой 16 жекпе-жекті қатарынан нокаутпен жеңіп отыр

© Boxingnews.com.ua
Украиналық Сергей Богачук амеркиалық Тайрон Брансонды нокаутқа түсіріп, бірінші орта салмақта WBC Continental Americas белбеуін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Он раундты жекпе-жек АҚШ-тың Голливуд қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. Үшінші раундта Богачук қарсыласын бір рет нокдаунға түсірді, ал төртіншісінде Брансон тағы екі рет құлап тұрды, осыдан кейін төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты.

24 жастағы Богачук 16 кездесуінің барлығын да нокаутпен жеңген. Ал 34 жастағы Брансон сегізінші рет жеңіліп отыр, сонымен қоса, ол 28 кездесуінде жеңген (25 нокаут) және екі рет тең түскен.

Богачук - Брасон бокс кешін қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) промоутері Том Леффлер ұйымдастырды. Шілде айында ол Богачукты GGG-ге теңеген еді. 

Богачук кәсіпқой карьерасын 2017 жылы бастаған, ал барлық жекпе-жегіне оны Абель Санчес жаттықтырған. 2010 мен 2019 жыл аралығы Санчеспен Головкин де жаттыққан.