Головкинмен? Бапкер Әлімханұлы енді кіммен айқаса алатынын айтты

©twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) бапкері Бадди Макгирт қазақ боксшының алдағы жоспарымен бөлісті, деп жазады Fightnews.info.

"Біз Жәнібек екеуміз орта салмақта кімнің мықты екенін білеміз. Әрине ол Жәнібектің өзі. Ол Чарломен титулын біріктіре алады. Головкин жайлы айтсам, олар екеуі де Қазақстаннан. Алайда олар тіпті спарринг те өткізбейді. Жәнібек маған бір аптадан кейін хабарласатынына сенімдімін. Бірақ оған демалыс керек. Еліне барып сергіп қайтсын. Отбасын көрмегелі 4 ай болды. Ал келесі жылдан бастап тоқтаған жерден жұмысымызды қайта бастаймыз. Ақпан немесе наурыз айынан бастап жаттығуымызды қайта жалғастырамыз", - деді бапкер.

Еске салайық, Әлімханұлы 13 қараша күні Лас-Вегаста британиялық Дензел Бентлимен (17-2-1, 14 КО) қолғап түйістірді. Төрешілер шешімімен (116-112 екі рет және 118-110) Жәнібек жеңісті тойлап, белбеуін қорғап қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport