Бокс
3 қазан 2022 12:16

Головкинмен айқастан кейін. Сарапшы "Канелоны" құрдымға жіберетін осал тұсын атады

©twitter.com/MatchroomBoxing

Жартылай орта салмақта екі дүркін әлем чемпионы болған, қазіргі таңда ЕSPN комментаторы америкалық Шон Портер Геннадий Головкинмен айқастан кейін Сауль "Канело" Альварес туралы ойын айтты. 

Трилогия 18 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтіп, төрешілер шешімімен мексикалық жеңген болатын. 

Әйгілі промоутер "Канело" үшін ең қауіпті қазақ боксшыны атады

"Канело" GGG-ден басым болады деп күттім. Альварес трилогияда көптің күткенін көрсете алмауы, ол Биволмен реваншқа да дайын болмайды деген ойға салады. 

Сауль Биволмен бірінші айқасқа да лайықты дайындалмады. Ол жекпе-жекке бірнеше жоспар құрып шығу керек болатын. Алайда кездесу бойына ол ешқандай өзгеріс жасамады. Головкинге қарсы да әсерлі айқас күттік, өйткені Альварес жеңілістен кейін оралды ғой. Мексикалық жекпе-жекті сенімді бастады, бірақ, ары қарай жаңа ештеңе көре алмадық", - деп береді Портердің сөзін Fightnews.info.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport