Головкинмен айқас алдында "Канелоның" жеңілетіні айтылды

©Boxing Video

Вoxingscene.com порталы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) алдағы айқаста Дмитрий Биволдан (19-0, 11 КО) жеңілуі мүмкін екенін жазады. Ал Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) трилогияда мексикалық жеңбеуі де ықтимал екен.

Қайрат Сәтжанов "Канело" - Головкин айқасында кім жеңетінін бүкпесіз айтты

"Головкиннің жеңісі жекпе-жекке дейін белгілі болды. Альвареспен тағы бір мәрте шайқасу үшін оған жеңіс қана керек еді. Осы жолы суперорта салмақтағы таққа таласады. Енді "Канело" мен Дмитрий Бивол кездесуінде не болатынын күтеміз. Алайда "Канело" жеңіліп қалуы мүмкін, дегенмен, екінші орта салмақтағы белбеулерін қорғай береді. 

Альварес Головкиннен басым болады, алайда, бұл ол жеңеді деген бір жақты пікір емес. Олар 24 раунд өткізді, көбінде Головкин үстем түсті деуге болады. Қағаз жүзінде бұл Альварес үшін аса бір тартысты айқас емес болар, бірақ, гонг соғылғанда жағдай өзгереді". 

Нокаутпен жеңістен кейін Головкин "Канеломен" айқас туралы ойын айтты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport