Бокс пен MMA шолушысы Филипп Маркетти қазақстандық Геннадий Головкин мен ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы айырмашылықты айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"GGG-дің әрекеті Биволдікіндей жақсы емес, Головкиннің қорғанысы ортасынан ашық, сондықтан "Канелоның" апперкоты ол үшін әрдайым қауіпті. Альварес үнемі манипуляциялаумен жұмыс істейді, ол ешқашан шаршамайтын, өте дәл және бас пен денесін де қорғай алатын қарсыласпен шығып көрген емес. Дегенмен Саульдің стилі әлі де 95 пайыз қарсыласқа өтеді", - дейді шолушы.