auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкинге WBC жасап отырған қастандықтың беті ашылды

Осылайша, ұйым Альваресті қолдап отыруы мүмкін.

Головкинге WBC жасап отырған қастандықтың беті ашылды
© HBO
0
Boxingnews24.com сайтына жариялаған мақаласында журналист Аллан Фокс WBC ұйымының америкалық Джермалл Чарло (27-0, 21 KO) мен қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жекпе-жегін белгілеу шешіміне қатысты оймен бөлісті. 

WBC қаулысы бойынша бұл жекпе-жек жеңімпазы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (51-1-2, 35 КО) міндетті қарсылас болады. Сонымен бірге, ұйым басшысы Маурисио Сулейман бұл міндетті жекпе-жексіз де Головкин мен Альварестің жұдырықтасуына рұқсат берілу мүмкіндігі барын айтты.  

"Чарло 2017 жылы шілдеде төртінші раундта Себастьян Хейландты нокаутқа түсіріп, "Канеломен" жұдырықтасу құқына ие болған. Дегенмен WBC Чарлоға екінші элиминатор белгілемек - Головкинмен жекпе-жек. Сұрақ: неге WBC "Канелоны" міндетті қарсыласы Чарломен жұдырықтасуға мәжбүрлемейді? Неге Альварестің міндетті қарсыласымен Головкин жұдырықтасу қажет? Бұл ақылға сыймайды, кей жанкүйерлер WBC осы арқылы "Канелоны" қолдап, ол көбірек чемпион болып қалуына жағдай жасап отыр деген пікірде. 

Оның үстіне WBC Головкин - Чарло жекпе-жегін ұйымдастыру үшін сәтсіз уақыт таңдады. Өйткені "Канело" WBC белбеуінен бас тартып, 168 фунтқа көтерілуі мүмкін. Онда неге Головкин ешқашан болмауы мүмкін жекпе-жек үшін (Альвареспен) Чарломен жұдырықтасу керек екен? Егер "Канело" жоғары салмаққа өтсе, Головкин - Чарло кездесуінің жеңімпазы уәде етілген мексикалық жұлдызбен жекпе-жекке шыға алмайды ғой.

WBC ұйымының бұл әрекеті "Канелоға" уақыт ұтқызу болып отыр. Осылайша, ол 2019 жылы міндетті қарсылас Чарломен жұдырықтаспайды. Оның орнына WBC "Канелоның" міндетін Головкинге артып қоймақ. 

WBC неге Чарлоға "Канеломен" жұдырықтасу үшін тағы бір кедергіден өтуді міндеттеп отырғаны түсініксіз. Бұл Чарлоға зиян, өйткені ол Головкинмен жұдырықтасу керек. Бірақ бұл "Канелоға" пайдалы", - дейді автор. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар