Бокс
17 қыркүйек 2018 16:04
 
"Головкинге ұялатын ештеңе жоқ". Бұрынғы чемпион "Канеломен" қарымтадағы төрелік жайында

  Пікірлер

blog.share

"Головкинге ұялатын ештеңе жоқ". Бұрынғы чемпион "Канеломен" қарымтадағы төрелік жайында © boxing-mma.com

Жеңіл салмақта бұрынғы әлем чемпионы Хорхе Линарес қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты өз ойын білдірді.

Линарестің сөзінше, ол жекпе-жектің немен аяқталғанына таңғалмады және тең ұпай берген төрешімен келіспейді. Глен Фельдман 114-114 ұпймен боксшыларды тең десе, Дэйв Моретти және Стив Вайсфельд 115-113 есебімен "Канело" жеңді деген шешім шығарды.

Осылайша, Головкин алғаш рет жеңіліп, орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылып қалды.

"Басынан-ақ Альварес жеңіске жетеді дегенмін. "Канело" өзін өте жақсы сезінді. Тең ұпай берген арбитрмен келіспеймін. "Канелоның" үш-төрт ұпай басымдықпен жеңгенін көрдім. Меніңше, ол GGG-ді өте сәтті иірді. Оны өз жұмысын лайықты орындауымен құттықтаймын", - деп келтіреді Линарестің сөзін Fight Hub TV

"Иә, Головкин қартайған болар. Ол шаршаңқы көрінді. Бірақ Геннадий - тамаша боксшы және нағыз жауынгер. Егер мәселенің бәрі жасқа келіп тірелсе, оның ұялатын ештеңесі жоқ. Өйткені ол ұлы боксшыға жеңілді. Қазіргі таңда Альваресті ешкім жеңе алмайды деген ойдамын", - деп айта кетті венесуэлалық боксшы. 

Жарнама

Живи спортом!