Қазақстандық боксшы Виктор Темиров (6-0, 4 КО) Германияның Бад-Херсфельд қаласында өткен бокс кешіне қатысты.
Бірінші орта салмақта WBF European титулы үшін айқаста оның қарсыласы никарагуалық Робин Самора (21-33, 10 КО) болды. Бастапқыда "Қасапшы" лақап атты қазақстандықтың қарсыласы венгриялық Оскар Фико (39-37-1, 20 КО) болу керек еді, бірақ ол жекпе-жекке шықпады.
Он раундтық нағыз қанды айқасқа айналған кездесуде Темиров төрешілер шешімімен басым түсті.
Германиядағы бокс жанкүйерлері 24 жастағы Темировты кәсіпқой карьерасын осы елде бастаған Геннадий Головкинге теңеп жүр.