Бокс
8 ақпан 2024 16:07

Головкинге теңеп жүрген қазақ нокаутшының осы айқасы немен бітетіні айтылды

©instagram.com/sultanzaurbek/

Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Сұлтан Зауырбек (16-0, 12 КО) пен британиялық Алекс Дилмагани (20-2-1,7 КО) жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты. 

Бұл айқас 1 наурыз Telford International Centre аренасында өтеді. Он раундтық жекпе-жек жеңімпазы WBO Global және WBA Gold титулдарын иеленеді.

"Қазақстандық нокаутшыға жақсы қарсылас тауып берді. Алекс түрлі деңгейдегі қарсыластармен жұдырықтасқан. IBO титулы үшін жақсы айқас өткізді. Франсиско Фонсекамен кездесудегі тең есеп дау тудырды. Алекс титулды жеңіп алуы мүмкін еді. Сол айқаста көзінен зақым алып, кейін сол жарақаты салдарынан Зианиден жеңілді. Жалпы, Дилмагни - жақсы боксшы. Ол Сұлтанға қиындықтар тудырады. Дегенмен қазақстандық боксшы фаворит. Бұл жекпе-жек нокаутпен бітеді деп ойлаймын", - дейді Смит. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport