Осылайша, Головкиндегі IBF титулына міндетті қарсылас польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болады. Жекпе-жектің өзі ақпан (8 немесе 29) әлде наурыз басы Чикагода өтеді. Мұның алдында Головкин осы қаладағы Wintrust аренасын жалға алып қойғаны хабарланған.
"Головкинмен келесі аптада кездесемін. Бейсенбіде көрісеміз. Келесі жекпе-жекті сөз етеміз. Головкиннің міндетті қарсыласы Камил Шермета бар. IBF бұл кездесуге санкция берді", - дейді Хирн FightHub TV арнасына берген сұхбатында.
Мұның алдында, Головкин мен Шеремета жекпе-жектің қаржылық тұсына келіскені хабарланған. Осылайша, GGG-мен жекпе-жек үшін польшалық боксшы карьерасындағы ең үлкен гонорарын алады.
"Жекпе-жек үшін миллион". Головкин келесі қарсыласымен гонорар бойынша келісе алды