Головкинге келесі жекпе-жекке 29 нокауты бар жеңілмеген мексикалықпен жұдырықтасу ұсынылды

22 желтоқсан 2020 09:51
Сурет: Matchroom Boxing©

Бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгия (36-0-0, 29 KO) орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) жекпе-жекке дайын. Мексикалық боксшының ісін жүргізетін Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес осындай ойда.

"Хайме GGG титулына таласуға лайықты. Бұл орта салмақтағы ең қызықты жекпе-жек болады. Мексиканың жарқырап келе жатқан ең үлкен жұлдызы соңғы он жылда дивизионда басым болып келген чемпионға қарсы. 

"Бұл айқас "Синко де Майоға" туп-тура келіп тұрғандай. Егер өтер болса, бұл кездесу 2021 жылға жоспарланған жаһандық деңгейдегі бокс кештерінің ең үлкен оқиғасы болмақ", - деп береді Гоместің сөзін BoxingScene.