Головкинге қарымта қаржы үшін ғана қажет, сондықтан "Канелоның" басымдығы бар - БАҚ
© ToFight.Ru
Ресейлік белгілі "Советский Спорт" сайты қыркүйектің басты жекпе-жектер шолуында WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымтаға болжам жасады.
Боксшылардың қарымтасы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.
"Биылғы жылдың көпшілік күткен қарымтасы. Алғашқы кездесу ринг сыртындағы төрешілердің бірі Аделаида Бердтің даулы шешімімен тең аяқталды. Ол басмыдықты мексикалыққа берді.
Бұл жолы төрешілер Стив Вайсфельд, Гленн Фельдман және Дейв Моретти. Бұдан артық әділ төреші табу қиын, сондықтан Сауль Альвареске өз күшіне сену ғана қалды.
Геннадий Головкин бір жылда жақсара қоймады. Дэнни Джейкобспен жұдырықтасқаннан бері қарсыластарынан бұрынғыдай басым болғанын байқамадық. Жалпы, қазақстандық боксшы ірілігі өзіне тең боксшылармен сирек кездесті, осы себепті жеңіске көп жетті.
Альварес Головкиннен сегіз жас кіші және жанкүйерлер допинг дауын еске сала бермес үшін жеңіске жеткісі келеді. Мексикалықтың спорттық мотивациясына күмән жоқ, Ал Головкинге бұл жекпе-жек қаржы үшін ғана қажет, сондықтан қарсыласының басымдығы бар деуге болады.
Болжам: Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жетеді",- деп жазады басылым.

Жарнама