Головкинге қарсы дайындық? "Канело" Ербосынұлын неге шақырғаны айтылды

©Suleimen Promotions

Delcotimes.com порталының редакторы Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Айдос Ербосынұлының (16-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) лагерінде не істеп жүргенін айтты. 

Қазақ боксшы "Канеломен" жаттыға бастады

"Меніңше, Ербосынұлы "Канелоға" Головкинмен айқасқа дайындалу үшін шақыртылды. Альварес бұрын да қазақстандық боксшылардың көмегіне жүгінген. Осы жолы мықтылау боксшыны таңдады. Чемпиондыққа үміткермен жаттығу қазақстандық стилге қарсы стратегия дайындауға жақсы мүмкіндік. 

Ербосынұлы спарринг серік болатын шығар. Қазақстандық АҚШ-та өнер көрсете бере ме? Әбден мүмкін. Бірақ Айдос онсыз да атын шығара алады", - дейді МакКаферри. 

Алты бірдей қазақстандық кәсіпқой Америкаға аттанады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport