Бокс
27 мамыр 2022 11:42
 

Головкинге "Канелоны" нокаутқа қалай түсіру керегі айтылды

  Пікірлер

blog.share

Головкинге "Канелоны" нокаутқа қалай түсіру керегі айтылды ©sportsmax.tv

"Боксерская правда" Youtube арнасының авторы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) осал жері туралы айтты. Егер Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) соған күш салса, нокаутпен жеңіске жете алуы ықтимал, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Боксерская правда" Youtube арнасының авторы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) осал жері туралы айтты. Егер Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) соған күш салса, нокаутпен жеңіске жете алуы ықтимал, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин чемпионддық раундарда бар күшін салса, керемет болады. Саульде шыдамдылық жетіспейді... Ешкім оған ыңғайсыз темпоритммен жұдырықтаспады. Альварес шабуыл жасайды: тигізе алмаса, үзіліс ұстап жүреді. Ковалев осындайға жол берді... Плант та. Бәрі осыған мүмкіндік беріп қойды. Олар артқа шегінді де, соққы өткізіп алмағынына шүкірлік етіп жүрді. Алайда қорғанысқа дайындалмай, осы үзілістер кезінде басымдықты өз қолына алу керек. 

Егер мұндай қарымта шабуыл кезінде Сауль күтіп алуға тырысса, шаршай түседі. Мұндай үзілістерден айырсаңыз, "Канело" болдырып қалады. Головкинді де, Альваресті де, бір соққымен нокаутқа түсіре алмайсыз, бірақ, функционалдық жағынан күйретуге болады. Жұмыс істеуді тоқтатпай, үзіліске мұрша бермесе, екеуі де жығылуы ықтимал. Ал бұлай шаршағанда нокдаун, тіпті, нокаут та болуы мүмкін. "Канелода" функционалмен қиындықтары болған, қазір де бар", - дейді арна авторы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!