"Канело" қайтсе де мамырда жұдырықтасады. Уақыт өтіп жатыр. Сондерс пен Смитте аз уақыт қалды. Жексенбіге дейін келісім бермесе. .. Жарайды дүйсенбіге дейін шыдайын. Одан кейін тізімдегі басқа аттарға көшемін", - дейді промоутер.
Ал Смит пен Сондерстің де ісін жүргізетін промоутер Эдди Хирн Golden Boy ұсынысынан бас тартқанын растады. Дегенмен британиялық боксшылар "Канеломен" жекпе-жекке шыққысы келеді, алайда, лайықты шарттармен.
"Golden Boy компаниясында нарықта белгіленген деңгейі бар. Каллум мен Билли одан да төмен сұрап отыр. Каллум де, Билли Джо да Альвареспен жекпе-жекті қалайды. Екеуінен кім шығады? Өте аз ақшаға келіскені. Олай болмаса "Канелоға" қарап отыра бере алмаймыз. Мүмкін екеуі титулдар біріктіретін жекпе-жек өткізеді.