Шешенстандық файтер Юсуф Раисов мексикалық Сауль "Канело" Альварес және Геннадий Головкин айқасына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" сайты Metaratings.ru порталына сілтеме жасап.
"Фаворит - Сауль, бірақ, көптен бері Головкинге жанкүйермін. Ол маған адам ретінде ұнайды. Альварес те ұнайтын, алайда, бірде өзін айқасқа шақырған Демериус Андраденің әкесіне тіл тигізгені бар. Содан бері оған құрметім жоғалды. Бірақ мықты боксшы екені сөзсіз. Ол Головкиннен жас. Сондықтан басымдығы бар. Жекпе-жек мексикалықтың пайдасына төрешілер шешімімен аяқталатын шығар", - дейді Раисов.