Головкинге есе жіберген Деревянченко әлем чемпионын нокаутпен жеңбек

3 қыркүйек 2020 09:55
Сурет: RingSide24
Украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарломен (30-0, 22 КО) жекпе-жегіне қатысты жоспарын айтты, - деп хабарлайды iSport.ua.

"Қазір бар назарым Чарломен жекпе-жекте. Басты міндет - рингке шығып, оның белбеуін тартып алу. Менде бұған қажетті тәжірибе бар. Соның есебінен үстем шығамын. Алайда Чарло маған қарсы ештеңе істей алмайды деп отырған жоқпын. 

Міндетім - жекпе-жек жоспарын ұстану. Біз бәрін ойластырып қойдық. Мүмкіндік болса, нокаутқа түсіремін. Ал жекпе-жек толық 12 раундқа созылса? Еш қиындық жоқ. Бәріне дайын боламын", - деп береді Деревянченконың сөзін FightNews.
Жаңалықтар