Головкиндікі ұятсыздық, оған аулақ кет деген "Канелоны" сыйлаймын - Жәнібек Әлімханұлының промоутері

© sport.ua
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) енді қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) ешқашан жұдырықтаспауы керек. FightHub TV арнасына берген сұхбатында Top Rank промоутері Боб Арум осындай пікір білдірді.

Боксшылар арасындағы үшінші жекпе-жек 14 қыркүйекте өтеді деп болжалған еді. Алайда "Канело" Головкинмен жұдырықтасудан бас тартып, рингке оралуын мүлде шегеріп тастады.

"Канелоның" орнында мен де Головкинге болды ары жүр деп, енді ешқашан жұдырықтаспас едім. Альварес допинг-тесттен өте алмаған кезде GGG-дің ол туралы айтқаны ұятсыздық. Сондықтан мен "Канелоны" сыйлаймын, Головкинге көзіңді құрт дегені үшін. Бәске қыруар ақша тігілсе де, оған "аулақ кет" дер едім!", - деп келтіреді промоутердің сөзін Boxingnews24.com.
Жаңалықтар