Головкинді ығыстырды. Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде бірінші орынға шықты

22 желтоқсан 2021 12:03
©Twitter

BoxRec қазақстандық боксшылардың P4P рейтингінен Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) көш басынан алып тастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec Головкинді өз рейтингінен ұзақ үзіліс себебінен алды - GGG кейінгі рет 2020 жылы польшалық Камил Шереметамен (21-2, 5 КО) жұдырықтасты. Ал оның жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жегі кейінге шегерілді.

Осыған байланысты өзге қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Қазақстан боксшыларынан P4P рейтингінде бірінші орынға шықты. Кейінгі рет Жәнібек 21 қараша Лас-Вегаста франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикаммен (38-6, 21 КО) айқасып, әлемнің бұрынғы чемпионын сегізінші раундта нокаутпен жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар