"Головкинді "қағаз чемпиондар" құртты." Маман GGG-дің осал тұсын тапты

28 қыркүйек 2022 16:18
©Tengrinews.kz, Тұрар Қазанғапов

Бокс әлеміне танымал Boxing247.com авторларының бірі Джефф Сорбидің ойынша, Головкиннің соңғы бірнеше жылдағы қарсылас таңдаудағы "тәкаппарлығы" оның бокссүйер қауым алдындағы абыройын түсіріп жіберді. 

Мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен болған екінші кездесуден кейін Головкин Стив Роллсты, Сергей Деревянченконы, Камиль Шереметаны, Риото Муратоны жеңді. Ал 2022 жылдың қыркүйегінде Альвареспен үшінші кездесу өткізіп, жеңіліс тапты.  

"Егер Головкин мен "Канело" мықты қарсыластардан бас тартса, бұл спорттық тұрғыдан да, мансап тұрғысынан да оларға зиян. Көз алдымызда Головкиннің танымалдығы 2018 бен 2021 жылдар арасында мықты қарсыласпен кездеспегені үшін құлады. Осы жылдары ол көптеген "қағаз чемпиондармен" жекпе-жекке шықты. Бірақ қазақстандық боксшы жанкүйерлер қалаған Давид Бенавидес және Джермалл Чарломен кездесу өткізбеді", - дейді маман.

Қоса кетейік, Головкиннің экс бапкері қазақстандыққа қазіргі таңда Чарломен кездеспеген абзал деген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар