Бокс
2 желтоқсан 2020 13:29
 
"Головкинді жеңіп атымды тарихта қалдырамын!". GGG-дің келесі қарсыласы

  Пікірлер

blog.share

"Головкинді жеңіп атымды тарихта қалдырамын!". GGG-дің келесі қарсыласы Сурет: mmaboxing.ru©

Орта салмақта жұдырықтасатын польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке мотивациясы зор екенін айтады, деп хабарлайды sport.interia.pl. Ол өзін жеңімпаз етіп елестетіп, визуализациямен айналысып жүр екен.

Бұл жекпе-жектің бәсі өте жоғары және көптеген мықты боксшы менің орнымда болғысы келетінін о баста түсінгенмін. Варшавада күнде жаттығамын, бірақ, Белостокқа қайтып келгенде, балаларымның күлкісін көргенде ынтала түсемін. 

Спортшы үшін жасым тамаша. Осы жыл өз қатемді түзеу және Голвкин қателерін зерттеумен өткіздім. Егжей-тегжейін айтпай-ақ қояйын, алайда, мен бұған 14 ай уақыт жұмсадым. Бұл айқаста көздегенім ақша емес. Головкинді жеңіп атымды тарихқа жазамын.

Күнде жатар алдында төреші менің қолымды көтеріп жатқанын елестетемін. Құдайдан сұрайтыным да осы және солай болады деп сенемін", - дейді Шеремета. 

Жарнама

Живи спортом!