Головкинді жеңген "Канелоға" сарапшылар көңілі толмады

23 қыркүйек 2022 14:55
©Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов

ESPN порталы барлық салмақ дәрежесі бойынша ең үздік боксшылар тізімін жариялады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді жеңгеніне қарамастан аталмыш порталдың тұрақты 19 сарапшысы "Канелоны" бірінші орынға қоймады. Мексикалық спортшы тек  5-орында тұр. Төменде сарапшылар пікірі бойынша ең үздік 10 былғары қолғап шеберінің тізімі.

1. Теренс Кроуфорд;
2. Наоя Иноуэ;
3. Эррол Спенс;
4. Александр Усик;
5. "Канело" Альварес;
6. Тайсон Фьюри;
7. Артур Бетербиев;
8. Дмитрий Бивол;
9. Шакур Стивенсон;
10. Василий Ломаченко.

Еске салайық, Альварес Лас-Вегастағы трилогияда Геннадий Головкинді жеңіп, екінші орта салмақта WBA Super, WBO, WBC және IBF белбеулерін қорғап қалды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар