"Головкинді жеңдім,ол "Канелоны" екі рет". Джейобс өзін ең мықты боксшы деп жариялады
© boxingscene.com
Орта салмақта IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) алдағы WBC, WBA (Super) белбеуінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) жекпе-жекке деген көңіл-күйімен бөлісті. Боксшының сөзін BoxingScene.com келтіріп отыр.
Жекпе-жек 4 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.
"Адамдар Головкиннің соққысы тым ауыр дейтін, ал мен шыдап бердім. "Канело" да осынша қатты ұруы мүмкін емес. Оның дене бітімі ұсақтау. Жекпе-жек басында жылдамдығына икемделуім керек болатын шығар. Онда көбірек белбеу болғанымен, мен өзімді орта салмақтағы ең мықты сезінемін. "Канелоны" жеңгенде мұны бүкіл әлем мойындайды.
Дәл қазір орта салмақта жүз пайызға ең мықты боксшымын. Рингте ешкім жұдырықтасқысы келмеген Головкинге, құбыжыққа қарсы шықтым және көпшілік менің жақсырақ болғанымды мойындайды. Одан кейін Головкин, меніңше, "Канелоны" жеңді. 4 мамыр Лас-Вегаста орта салмақтағы ең мықты боксшы екенімді ресми дәлелдеймін", - дейді Джейкобс.

Жарнама